Аймақтар • 02 Маусым, 2017

Солтүстік Қазақстанда балалардың «Шабыт шеруі» өтті

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балаларды қорғау күніне арналған «Шабыт шеруі» мерекесі балалар және жастар музыкалық ансамблінің парадымен ашылды.

Солтүстік Қазақстанда балалардың «Шабыт шеруі» өтті

Алғаш рет өткізілгеніне қарамастан, оған 1600 адам қатысты. Мектеп оқушылары, студенттер мен педагогтар, спорт және музыкалық ұжымдар, балалар мен жастар музыкалық ансамблдері, оркестрлері Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрынан бастап Тәуелсіздік стелласына дейін жүріп өтті.  Жеңіс саябағында «Балалар үшін бірігеміз» атты ерекше шара ұйымдастырылып,  коррекциялық-дамытатын ойындар, спорттық-ойын-сауық бағдарламалары тамашаланды.

Балалар асфальтта мольбертте сурет салу байқауына, робот техникасы, шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол, туристік көпсайыстарға қатысты. Жас каратэшілердің қызықты көрсетілімдер қойды. Аниматорлар, қуыршақтар балалар көңілін көтерді. Қазақстан Конституциясы көшесі бойында  «Ата-баба мұрасы - ұрпақтар игілігі» декоративтік-қолданбалы шығармашылық көрмесі, «Ұлттық стильде аксессуралар және безендіру», «Қағаздан жасалған таңғажайып» шеберлік сыныптары ұсынылды

Өмір Есқали,

Солтүстік Қазақстан облысы.